Жаңалықтар

Бір шаңырақ астында

Ұлттық мереке Республика күні – баршамыз үшін ерекше мереке. Қазақ елінің дамуына елеулі ықпал етерлік тарихи маңызы зор.

Сурет автордан

Мереке қарсаңында этно-мәдени орталықтардың мүшелері «Шаңырағымыз бір болсын» деген ниетпен ұлттар достығының шаңырағын көтеріп, қазақтың киіз үйін тіксе де артық емес. Менің есіме бір жағдай түсіп отыр…

Өткен жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы еңбегі үшін еліміздегі этномәдени орталықтар өкілдерін марапаттаған еді. Сол жиынға «Ассамблея жастары» ұйымының аймақтағы басшысы ретінде қатыстым. Президент белсенді жастарға қоғамдағы бірлікті, келісімді сақтап, волонтерлік қызметті дамытуға қосқан үлес пен белсенді азаматтық ұстаным үшін алғыс жариялады. Біз Президенттің қолынан марапат алған сәтте ерекше толқыдық.

Сол уақытта Президент Ассамблеяның волонтерлік қызметі, «Жүректен-жүрекке», «Қайырымдылық керуені» секілді акцияларын атап өтіп, оған Қарағанды облысының ҚХА өкілдігі белсенді қатысатынын тілге тиек еткен. Мереке қарсаңында Мемлекет басшысының алғысы барша облыс жастарына айтылған алғыс деп қабылдаған жөн. Бұл – ортақ жұмыстың нәтижесі.

Барлық ҚХА еріктілері әлеуметтік жобаларға белсенді атсалысып жүр. Мәселен, сол уақытта «Жүректен-жүрекке» акциясына әртүрлі жастағы адамдардан тұратын облыс Ассамблеясының 12 мыңнан астам еріктісі жиналған. Ел үшін атқарылған жұмыстарды көргенде, мақтаныш кеудені кернейді. Ел мүддесі үшін атқарылып жатқан жұмыстардың бәрі бекер емес.

Біз – бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз. Аймақ жастарының абыройын асқақтатып, халықтар бірлігін нығайтуға қатысты мәселелерде белсенділік танытатын өзекті өзгерістерді жалғастыра береміз. Достық үйлерін руханият орталығына, ұлы достық бесігіне айналдыру – мақсат.

Александр УРМАШОВ,
облыстық «Ассамблея жастары» ұйымының басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button