Ресми

Бірқатар нысан жекешелендіріледі

Еліміздегі бірқатар мемлекеттік және квазимемлекеттік нысан жекешеленбек. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ortalyq.кz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Отырыста «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының» орындалу барысы туралы баяндаған министр оның қанша нысанды қамтитынына тоқталды. 

– Кешенді жоспар мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектордағы 675 нысанды қамтиды. Оған республикалық меншіктегі 7 нысан, коммуналдық меншіктегі 250 нысан, ұлттық холдингтер мен компаниялардың 262 нысаны, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың 156 нысаны кіреді, – деді Ерұлан Жамаубаев.    

Айтуынша, биыл кешенді жоспардың 295 нысаны сатуға шығарылуы тиіс болатын.

– 1 желтоқсандағы жағдай бойынша олардың ішінен 86,1 млрд теңге болатын 36 нысан бәсекелес ортаға берілді32-сі қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді. 146 нысан сауда-саттықта тұрКешенді жоспар объектілерінің 80%-ға жуығын сауда-саттыққа шығаруды қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін тағы 81 нысанды сатуға шығару қажет болады. Олардың нәтижелері бойынша мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталына жаңадан енгізілген 13 нысан бойынша жол карталары енгізілді, – деді Ерұлан Кенжебекұлы.

Негізінен өңірлер мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының көбісі кешенді жоспар нысандарының 80%-ын сатуға шығарған. Дегенмен, 7 өңір мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары көзделген көрсеткішке сәйкес дер негізінде нысандарды сатуға шығарып үлгермеген. 

Басқа материалдар

Back to top button