Жаңалықтар

Бильярдтан журналистер арасында турнир өтеді

БАҚ қызметкерлері күні мерекесіне орай бильярдтан Қарағанды облысы журналистері арасында          Нұрмахан ОРАЗБЕК атындағы І аймақтық турнир өтеді.

1.Мақсаты мен міндеті: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы, танымал журналист Нұрмахан Оразбектің есімін ұлықтау, журналистер арасында бильярдты дәріптеу, мықтыларды анықтау, қатысушылардың ойын шеберлігін арттыру, саламатты  өмір салтын насихаттау;

2.Өткізілетін орны мен уақыты:  Қарағанды қаласы, С.Ерубаев көшесі,  34-үй «DUPLET» бильярд клубы, 17 маусым, 2023 жыл.

3.Жарыс бағдарламасы:

Сағ. 11.00 – Қатысушыларды тіркеу, жеребе тарту;

Сағ. 11.30 – Турнирдің ашылу салтанаты;

Сағ. 11.45 – Турнирдің басталуы.

Турнирге қатысу туралы өтінім 1-10 маусым аралығында 8  701 751 1352 WhatsApp нөмірі арқылы қабылданады.

4.Турнирді ұйымдастырушы: «Saryarqa Aqparat» ЖШС.

5. Турнирдің Бас демеушісі Әбілқайыр Ошақбаев, «Қоржынкөл-А» ЖШС-ның Бас директоры.

6.Турнирге қатысушылар:

Турнирге Қарағанды аймағындағы БАҚ саласында қызмет ететін барлық журналистер қатыса алады;

7.Қатысушылардың киім формасы: Ақ көйлек, жилет, қара шалбар, туфли.

8. Жарысты өткізу шарттары мен жарыс жеңімпаздарын айқындау тәртібі:

Турнир олимпиадалық жүйемен өтеді, яғни жалпы үш партия болса екі ойыннан жеңілген қатысушылар жарыстан шығарылады. Ойнайтын жұптарды анықтау тәртібі жеребе арқылы белгіленеді. Төреші турнир жеңімпаздарын осы ережеге сүйене отырып анықтайды. Қатысушылар стандартты киймен қамтамасыз етіледі. Жеке киймен ойнауға рұқсат етіледі.

9. Марапаттау

І, ІІ, ІІІ орын алған қатысушылар дипломдармен және қомақты ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

9. Қаржыландыру көзі:

Жеке демеуші есебінен.

10. Анықтама үшін байланыс телефоны: 8 701 751 13 52 (Ілияс)

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button