Қарқаралы

Білімге жаңаша көзқарас

    Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Бүгінгі күні озық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде.

Өйткені, қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады. Сондықтан, білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне, білім беру жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр-сырын зерттей бастаған сәтімізде арнайы курсқа келуіміз бағдарлама туралы туындаған сұрақтарымыздың жауабын табуға берілген мүмкіндік деп түсіндік. Білімді дамытудың саясатын жүзеге асыру мақсатында «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» ұйымдастырған мұғалімдердің біліктілік арттыру курсы Қарағанды қаласындағы №63 орта мектепте өтті. «Жаңартылған білім беру бағдарламасына байланысты» курс Қарағанды қаласындағы ПШО филиалының директоры О. Сурначёваның басшылығымен ұйымдастырылып, екі апталық курста жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері мен өзгерістерінің толық нұсқасын меңгерудің сәті түскен сияқты. Осыған байланысты, ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру мен жаңаша технологияларды өз бетінше меңгеруге, оны тиімді қолдана білуге деген міндет тұр.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңарту және «Критериалды бағалау жүйесін» енгізу. Сонымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды, жаңа оқу бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін меңгертуді талап етеді. Курста география пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту технологиялары қарастырылды. Курстың тренері С.Саттаров атындағы №57 мектеп лицейінің география пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі С.Құлжамбекова география пәні мұғалімдеріне курс тыңдаушыларына дәріс беруде өзінің шеберлігін, жан-жақтылығын, білімділігін көрсете білді.

Қарлығаш АКТАУЛОВА,

3 орта мектептің география пәні мұғалімі.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button