Теміртау

Білім биігіне талпыныс

  Еліміздің білім беру жүйесінің үздік үрдістері ұдайы саралану үстінде. Білім мен ғылымды дамытуға арналған бағдарламаларды жүзеге асыру аясында түрлі жобалар қолға алынып келеді. Соның бірі – Теміртау қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен және Дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы аясында әлеуметтік репетиторлық орталық жұмыс жасап жатыр.

Тамыз айында басталған жоба бүгінгі таңда 31 адамға тегін білім беруде. Орталықта 4 топта әлеуметтік жағдайы төмен, қамқоршысынан айырылған, көпбалалы, шеттен келген қандастарымыздың балалары оқытылады. Сонымен қатар, компьютерлік сауаттылықты меңгеруге құштар зейнеткерлерден құралған

1 топ білім алуда.

Жоба жетекшісі Айдана Жұмабайдың айтуынша, қатысушылардың білім алуға құлшыныстары өте жоғары және осы білім алу орталығына келгеннен бастап, оқушылардың оқу үлгерімдері айтарлықтай жақсарған. Орталықта білім алып жатқан оқушылар, ата-­аналар қауымы, жалпы, жоба қатысушылары Қарағанды облысы бойынша үйлестіруші Нұркелді Зиядаұлына, «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасының барлық ұйымдастырушыларына дән риза.

Гүлнұр ӘБЕУОВА.

ТЕМІРТАУ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button