Біліктілік арттырудың бірегей мүмкіндігі
Бұл күндері республиканың барлық өңірлерінен жиналған генетик дәрігерлер мен ультрадыбыстық диагностика мамандары Санкт-Петербург қаласындағы Д.Отта атындағы акушерлік, гинекология және репродуктология ғылыми-зерттеу институты базасында біліктілігін жетілдіруде.
Курсқа қатысушылар пренаталдық скринингтің негізгі әдістерін, жүктіліктің бірінші және екінші триместріндегі хромосомалық кемістіктердің ультрадыбыстық маркерлерін зерттейді, инвазивті пренаталдық диагностиканың негіздерімен танысады.
Сонымен қатар, оқыту барысында ұрық материалын зерттеудің цитогенетикалық, молекулалық-цитогенетикалық, молекулалық-генетикалық әдістерін қолдану ерекшеліктері оқытылмақ. Ұрықтың туа біткен кемістіктері мен генетикалық патологиясын анықтау кезінде жүкті әйелдерді бақылау, медициналық-генетикалық кеңес беру ерекшеліктері де айтылады деп жоспарланған.
Жансая ОМАРБЕК,
Ortalyq.kz