Жаңалықтар

Білгенге – маржан

Жюль Верн545645

Компьютер болмаған заманда жазушылар, әсіресе журналистер картотека жасаған. Бүгінгі жас ұрпақ білмейді. Картотекаға қаламгерге қажет деректер, цитаталар, оқиғалар, цифрлар мен фактілер қысқаша жазылып, шағын архив болып тұрады. Белгілі бір тақырыпты қаузап, жазуға отыр­ғанда алфавит бойынша тігіліп қойған картотекадан керек дерегін ала қояды. Қазақ журналистерінің ішінен Ақселеу Сейдімбек ағамнан көрдім. Картотека жасауға кеңес те берді. Қол да тимеді, мойын да жар бермеді. Қазір компьютерге жүгінеміз. Өшіп қалса, қайтеміз?

Сол фантаст-жазушы Жюль Верннің 20 мың картотекасы болыпты. Содан жазушы ғылыми әдебиетті бес саусағындай білген. Жер, су, ғарыш және табиғат тылсымдары, ғылым мен техника ғажайыптары туралы жазғандарының әлемге әйгілі болуының бір сыры осында. Көп білгенге не жетсін!

Байрон052

Ағылшынның ұлы ақындарының бірі Байрон сол дәуірдегі суда малтудан алдына қара салмайтын ғажап жүзгіш болған. Ол 1810 жылы май айында ені 7,5 километр Дарданель бұғазында балықша жүзген. Байрон ағыны қатты бұғаздың суын қылыштай тіліп өтіп, Кіші Азияның Шығыс жағасына қиналмай жетіпті.

Алехин

Әлемге әйгDSC08552ілі шахматшы Александр Алехиннің жады, есте сақтау қабілеті керемет болыпты. Жас күнінде қажет дүниені де, керек емес нәрселерді де есіне сақтай бергендіктен дәрігерлерге қаралыпты да.

Бірде профессор П.Цитовичтің үйінде қонақта отыр­ғанда достары Алехиннің осы қабілетін тексермек болады. Үй иесі бір кітаптың бетін ашып шахматшыға ұстата қойыпты. Үш-төрт минут қана көз жүгіртіп қарап шығып, кітапты қайтарыпты. Сол жерде табан астында кітаптың бір жарым бетін жатқа айтып беріпті. Кітапты қарап тұрған замандастары әйгілі гроссмейстрдің бір қате жібермей мүдірмегеніне таң қалып, жағаларын ұстапты. Тегін адам шахматтан әлем чемпионы болмайды. Зердемізді, есте ұстау қабі­летімізді, жадымызды компьютермен жойып алмайық.

Маржан терген М.СЛАНБЕКҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button