Шет

Береке көзі – кәсіпте

 

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында шағын және орта бизнесті дамыту, оның ішінде, отбасылық кәсіпкерлікті өркендету туралы тапсырма қойылғаны белгілі. Яғни, кәсіпкерлік әкеден балаға мұраға қалып жатса, берекенің көзі – сол. Ал, отбасы – Отан тірегі. Бүгінде Шет ауданында отбасымен бизнеске бет бұрып, кәсібін нәсібіне айналдырып отырған әулеттер жеткілікті. Солардың бірі – Ерлан Ибраевтың отбасы.

Ерлан Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлы кен­тіндегі автобекет жанынан дәмхана ашып алғанына біраз болды. Жаз мезгілінде бұрынғы шағын дүкенін кеңейтіп, құрылыс жұмыстарын жүргізген болатын. Міне, енді, сәулетті де көрікті “Көздер-ай” атты дәмханасы жолаушыларға қызмет көрсетуде.

Біз барған күні ақпанның ақ түтек бораны соғып, жолдар жабылғандықтан, дәмханаға жолаушылар да көптеп келіп жатты. Осы қарбалас сәтте Ерланның зайыбы Баян ыстық тамақ, ас-су әзірлеп жатса, келіні Әлия келген адамдарға дәмді тағамдарын ұсынып, қызмет көрсетуден шаршамады. Ас мәзіріндегі тағам құны да қымбат емес. Қалта көтерерлік. Бұл дәмханада бір мезгілде сексенге тарта адам тамақтана алады.

Ерлан Қалтайұлы алдағы уақытта қонақүй салып, бұрынғы моншасын кеңейтпек ойы бар. Әрине, бұл жұмыс үлкен қаржыны қажет етеді. Осы орайда кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің мамандары бизнесті кеңейту бойынша кеңестер беруде.

Мейрам ДӘУЛЕТБЕКҰЛЫ.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button