Береке дарып, құт қонған күн

 

 

Қарағандыда биыл көктем мерекесін тойлау өзге жылдармен салыстырғанда өзіндік ерек

 

шелікке ие болды. Себебі де жоқ емес. «Биылғы Наурыз… Райы жақсы ырымға», — делінгендей, оған жыл басынан бергі жақсы жаңалықтардың да ықпалы бар. Ал, қалалықтарды қуантқаны – әдеттегідей жолдың жабылмай, қалалық көлік қатынастарының өз кестесімен жүруі. Сонымен, қарағандылықтар ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен наурызды қарсы алды.

Көктемгі керуен

«…Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», – деген Елбасы.

Биылғы Наурыз мерекесін тойлау – Мемлекет басшысы айтқандай, тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтасқан күні болды. Демек, осы күні әр қазақстандықтың, әр қарағандылықтың жүрегінде бабалардан мирас болып, қанға сіңген, бүгінде тамырда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттер қайта түледі.

Мереке Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің жанынан «Көктемгі керуеннің» шеруімен басталды. Қолдарына қыран қондырған, жыл иесі – құмай тазы ерткен «Қайрат» ұлттық спорт клубының жаттықтырушылары мен «Сарыарқа» көкпар командасының ойыншылары жиырмаға тарта атпен керуенді бастаса, соңынан парлап ат жеккен пәуескеде қазақтың ұлттық киімдерін киіп, сәні мен салтанаты жарасқан әншілер мен күйшілер жол бойы қарағандылықтарға мерекенің басталғанынан хабар беріп, көктемгі көңіл күй сыйлады. Керуен Бұқар жырау даңғылын бойлай жүріп, Орталық саябаққа ат басын тіреді.

Ұлттық ойын – халық қазынасы

Ойнамайтын бала, ойынға қызықпайтын адам, сауық құрмайтын халық жоқ, сірә. Ойын халықтың өмiр сү

 

ру салтынан, өмiр сүру үшiн күресiнен туындаған қажеттiлiктiң бiрi екенін ескерсек, оның қазіргі мәні, әрине, тәрбиелік, ұлттық құндылықтарды сақтау екені даусыз. Ұлттық ойындар арқылы халықтың қандай екені бағамдалады. Биылғы Наурыз мерекесінде қазақтың ұлттық ойындары, тіпті, қазіргі күні ұмыт болса бастағандары да қайта жаңғырып, халық назарына ұсынылды.

Мерекені тамашалауға жиналған қала тұрғындары мен қонақтары дене қозғалыстарын, шыныққан денелерінің шеберліктерін көрсетіп, көңiл көтеріп, дем алса, оған қоса бас қосып, бiрлесу, әдет-ғұрыпты жалғастыруға үн қосты. Арнайы ұйымдастырылған ойындар тұтастыққа, бірлікке шақырды.

Ал, сахнада қазақша күрес, кикбоксинг, жекпе-жек күрес, каратэ, дзюдо, самбо сияқты спорт түрлерінен көрнекі өнер көрсетілсе, келесі бетте «Асық ату», «Ләңгі», «Арқан тарту» сынды қазақтың ұлттық ойындары өткізілді.

«Қайрат» ұлттық спорт клубының жаттықтырушылары мен «Сарыарқа» көкпар командасының ойыншылары ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін «Аударыспақ», «Серке көтеру» сияқты ұлттық ойындарды паш етіп, көрермендерді таң қалдырды. «Street Workout» федерациясының спортшылары спорт құралдарымен ерекше өнер көрсетті.

Қызықты сәттің бірі – «Ашамайға мінгізу» дәстүрі болды. Баланы ашамайға отырғызу – оның өмірінде жаңа кезең басталғанының белгісі. Үш жасар балдырғанды ашамайға отырғызу құрметі тақымы мықты «Сарыарқа» көкпар клубының жігітіне бұйырса, аузы дуалы ақсақалдар бата берді.

Сондай-ақ, мерекені тамашалауға келген кез келген бала атқа отырып, өзін қазақ елінің ұрпағы, болашақ жауынгер ұланы екенін сезіну мүмкіндігіне ие болды.

Тойдың сәні – киіз үй

Қазақ тарихының таңбасы іспетті болған ақшаңқан киіз үйлер биыл Бұқар жырау даңғылының бойына емес, орталық саябақта құрылды. Жиырмаға тарта бой түзеген үйлер дәстүрге сай жабдықталып, әр үйде қазақтың ұлттық дәстүрлерінен көріністер көрсетілді.

Осы орайда айта кету керек, әр үйге бас сұққан аймақ басшысы Ерлан Қошанов Наурыз мерекесінің бір күндік науқанға айналып кетпей, ұлттық салт-дәстүрлер, ұлтымыздың қастер тұтар құндылықтары күнделікті тұрмысымызға сіңіп, үйреншікті жағдайға айналуына мән беру керектігіне тоқталды.

Келушілер «Беташар», «Тұсау кесер» сияқты ұлттық дәстүрлерге куә болса, балалар «Тоғызқұмалақ» ойынында сайысқа түсті.

Ал, оң жақ босағаға қойылған тұғырға бүркіт қондырылып, босағасына тазы байланған экспозициялық киіз үйге де келушілер асқан қызығушылық танытты.

Саябақ бұл күні жеті аймаққа бөлінді. Әр аймақта әр түрлі тақырыптарда көрмелер ұйымдастырылған. Айта кетсек, бір үйде қазақтың ұлттық тағамдарына қатысты шеберлік сағаты көрсетілсе, бір үйде – қазақ киімдерінің, ұлттық бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылған.

 

Көремін деп, қызығушылық танытқандарға есіктерін айқара ашқан киіз үйлер төрден орын ұсынды.

Жақсы сөз – жарым ырыс

Бұл күн – ұлттың рухы асқақтаған күн болды. Еңбектеген баласынан, еңкейген кәрісіне дейін саябақтан табылған қала жұртшылығы келер жылдан жақсылықпен үміт күткені аян.

Қарағанды өңірі үшін Наурыз мерекесін тойлаудың дербес үлгісі қалыптасқан жыл болды биыл. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, жоралғыларымыз, рухани мәдениетіміз қайта жаңғырып, біртұтас ұлттың перзенттері екенін тағы бір мәрте естеріне салды.

Айта кету керек, Жаңа жыл жағымды жаңалықтарсыз да болған жоқ. Дүбірлі тойдың алдында облыс әкімі Ерлан Қошанов 192 отбасына пәтер кілттерін тапсырған болатын. Б.Момышұлы көшесі бойындағы тұрғын үй кешенінде алғашқы болып жаңа пәтерлер көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар тұрғындар, сондай-ақ толық емес отбасы иелері алды.

Бұл жаңа үйлердегі пәтерлер тамаша. Мұнда жақын арада мектеп, балабақша, емхана, дүкендер мен жайлы өмірге қажетті барлық инфрақұрылым пайда болады. Келешекте бұл аудан Қарағандының орталығына айналады. Әр отбасы үшін баспанаға ие болу үлкен арман және бүгінгі күні ол армандар орындалуда. Барлықтарыңызға Наурыз мейрамы бақыт пен жақсылық сыйласын деп тілеймін, – деп, тілегін білдірді аймақ басшысы.

Наурыз қарсаңындағы тағы бір қуанышты жаңалық – газ құбырының тартылатындығы еді. Өңірге газдың келуі – облыс тұрғындарының өмірін айтарлықтай жақсартады деп күтілуде.

Қош келдің, әз Наурыз!

«…Шарлап келем, барлап келем бұл он сегіз мың ғаламды, Көк тәңірден тілегенім, адамзаттың арманы, көрдім, сездім, о Жаратушым! Баянды, еліне бақ дарыған осы өлкені таңдадым!» деп басталған мерекелік концертте аймақ әкімі Ерлан Қошанов бүгінгі күні облыстың барлық елді мекендерінде алдымен дәстүр дәріптеліп, ұлттық құндылықтар ұлықталатынын, мерекенің сыртқы атрибутына ғана емес, ішкі астарына да үлкен мән берілетінін айтты.

Ерлан ҚОШАНОВ, облыс әкімі:

Құрметті қарағандылықтар, қымбатты қала қонақтары! Көңіл-ге қуаныш ұялатып, жанымыз-ды жадыратып, көктем де келді. Жылда асыға күтетін Наурыз та-балдырығымыздан аттады. Наурыз – ежелден еңсесі биік елдіктің, қабырғасы сөгілмес бірліктің мерекесі. Бұл күні ренішті жандар қайта табысып, ағайындардың арасы жақындайды. Осы күндері сананың жаңғыруы туралы жиі айтып жүрміз. Оның бір ұшын ұлыстың Ұлы күнінен тарқатуға болады. Бір нәрсені есте сақтауымыз керек. Наурыз – ақ боз үй тігіп, ас ішу ғана емес, бұл – бүтіндей түркі, парсы әлемінің өмір сүру философиясы, ғасырлар бойы жинақталған даланы

 

ң дана дәстүрі. Неге салт-дәстүрімізді наурыз күндері ғана еске аламыз? Неге шаң басқан шапан мен бөркімізді Наурыз күні ғана киіп шығамыз деген әңгіме айтылып жүр. Оң өзгерістерді өзімізден бастасақ бір ғанибет болар еді. Бүгінгі ұйымдастырылған шаралар осындай көріністердің бір бастауы. Осылайша ұлт ұйысады, ел бірігеді, дәстүр сақталады.

Басты сахнадағы үлкен мерекелік концерттен кейін бұқаралық тойлау жалғасын тапты. Балалар атпен серуендеп, бүркітпен және тазылармен суретке түсті.

Салтанат Ильяшова.

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.