Әлихан Бөкейхан ауданына қарасты Сұрыптау елдімекенінде де жергілікті тұрғындар референдумға үлесін қосып, таңмен таласа келіп дауыс беруде.

Бұл маңдағы сайлаушылар 6 учаскеге бөлінген. Біз Теміржолшылар мәдениет үйіндегі №100 учаскеге бақ сұқтық.
– Біздің учаскемізде жұртшылық белсенді дауыс беріп жатыр. Таңертең концерттік бағдарлама ұсындық. Ешқандай заң бұзушылық жоқ. Осы кезге дейін 800-ден астам адам дауыс берді. Әлі де келіп жатыр, – дейді №100 референдум учаскесінің төрағасы Нұргүл Әділбай.
Жәлел ШАЛҚАР,
Ortalyq.kz