Бекзада
Бәріміз ауылдан шықтық. Тағдырымыз – беймәлім болса да, тамырымыз – байлаулы. Алтын бесік – Ауыл ғой!
Үлкен әкеміз айтқандай, бір бала – асфальтта, бір бала ауылда туады. Біреуі – қаланың күйбең тіршілігін жоқтаса, біреуі ауылдың мұңын арқалап келеді.
Біздің бүгінгі кейіпкер – осы екі образды қатар арқалап жүр. Ауылым, қалам деген аптал азаматтың есімі – халықпен бірге!
Ол – Бекең! Бекзат Алтынбеков! Ағамызды қай қырынан мақтасақ та лайықты! Мен ғана емес-ау, біздің замандастар куә!
Үлкен батасын берген болар, жас буынның алғысы да шексіз. Бекзат ағаға!
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – уақыттың талабымен үндескен дүния. Кім мықтыны, кіл мықтыны анықтауға сеп!
Шын мәнінде, Бекең – Бекзат Алтынбеков – халыққа сыйлы. «Өзім дегенге – өзегін жұлып береді»!
Біз, Арқаның азаматтары, Бекеңді – Бекзат Алтынбековті арқа сүйеп жүреміз!
Алаштың арыстары туған қасиетті жерден тамыр тартқан Бекзат Қомарұлы, әсіресе, жас буынға – бізге жанашырлығымен абыройлы.
«Бұлақтың көзін ашу» – Бекзат ағамыздың басты принципі!
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «100 жаңа есім» бағдарламасын іске асыру керегін алға тартты.
Құп алдық! Арқа төрі – аптал азаматтарымен абыройлы!
Бекзат Алтынбеков – білім меценаты. Қалың елге қамқорлығымен мәлім!
Әдебиет, мәдениетке шын жанашыр азаматтың бірегейі – Бекзат Алтынбеков!
Тәуелсіздік жылдарындағы «100 жаңа есімнің» бірі – Бекең – Бекзат Алтынбеков болса, игі!