Жаңалықтар

Бейнетіне – зейнеті

зейнетақы мен жәрдемақы төлеудегі өзгерістер күшіне енді

Ит жылындағы елдің ең бірінші  елең-алаңы – зейнетақы мен жәрдемақының төленуі. Зейнетақы төлеу жүйесіндегі реформа жұрттың жарғақ құлағын жастыққа тигізбей тұрғаны өтірік емес. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін өзгерістерге жаңа жылда және бір тоқталып  өткенді жөн көрдік. Көптің көкейіндегі сауалдарға жауап алу үшін  Қарағанды облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті ұсынған мәліметтерге назар аударалық.

– 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнеткерлер зейнетақысының өсуі қалай жүзеге асады?

– 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанда ынтымақты немесе зейнеткерлер өздері еңбектік деп аталатын  зейнетақы 8% өседі, бұл болжанған инфляция деңгейінен 2%-ға артық.

Өзге де жәрдемақы түрлері сияқты базалық зейнетақы 15247 теңгеге дейін көбейеді. Сөйтіп, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, базалық зейнатақыны қоса есептегенде ең төменгі зейнетақы көлемі 49 019 теңгені, ал, орташа зейнетақы (базалық зейнетақыны қоса есептегенде) 71 333 болады.

– Базалық зейнетақы тағайындау механизмінде қандай өзгерістер орын алды?

– Бүгінде ол  еңбек өтілі және зейнатақы жасына жеткен тұлғаның кірісіне қарамастан барлығына бірдей тағайындалады.

Жаңа механизм базалық зейнетақыны 1998 жылдың 1 қаңтарына  дейін азаматтардың жинақтаған еңбек өтіліне, 1998 жылдан кейінгі зейнетақы жинақтау қоры жүйесіне қатысу кезеңіне және жалпыға ортақ бекітілген зейнетақы жасына (58-63/63) жетуіне  қарай тағайындауды қарастырады. Сіздің жиынтық өтіліңіз неғұрлым көп болса, базалық зейнетақыңыздың мөлшері де көбеймек.

Базалық зейнетақыны тағайындау үшін өтілге1998 жылдың 1 қаңтарына  дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылдың 1 қаңтарынан  кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне  қатысу кезеңі есептеледі.

Сондай-ақ, қатысушы өтілге өзге де әлеуметтік маңызды кезеңдер – үш жасқа дейін бала күтіміне кету, 16 жасқа дейін мүгедек-баланы күту, дипломаттар жұбайларының шекарадан тыс елдерде тұруы, жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ жердегі әскерилер, күштік құрылым қызметкерлерінің жұбайларының жалпы 10 жылдан аспайтын сонда тұру кезеңдері кіреді.

Ал, базалық зейнетақылық төлемдер  көлемі сөйте тұра, зейнетақы жүйесіне қатысуы 10 жыл  және бір жылдан кем  немесе ол жоқ болса,  күнкөріс деңгейінің 54%-на теңеседі, ал әрбір 10 жылына оның мөлшері 2%-ға көбейіп отырады және өтіл 33 және одан жоғары болғанда  ол күнкөріс деңгейіне теңеседі.

Мұндай қадам әлеуметтік әділдікті қалпына келтіреді – адам көп жыл жұмыс істеген болса, соғұрлым зейнетақысы да жоғары. Бұл барлық зейнеткерлерге қатысты. Базалық зейнетақының көлемі  бүгінде азаматтар  алып отырған зейнетақы көлемінен төмен болмайды.

– Бұл жағдайда, мемлекет бірлескен  зейнетақының кішірейтілген бөлігінің орнын толтыруға байланысты қандай шаралар қарастырылды?

Бірінші, жоғарыда белгіленгендей базалық зейнетақыны тағайындау механизмін өзгертті. Яғни, базалық зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілінен шығатын мемлекеттік бюджеттен және зейнетақы жинақтау жүйесінде қатысу кезеңіне тағайындалатын болады;

Екінші, зейнетақы жарналарын үздіксіз аударуды қамтамасыз ету үшін, баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша демалыста жүрген жұмыс істейтін әйелдердің зейнетақы жарналары 2014 жылдан бастап республикалық бюджет есебінен 10% субсидияланады.

Үшінші, жинақтардың көлемін ұлғайту үшін, 2020 жылдан бастап енгізілетін, жаңа шартты зейнетақы жинақтауда жұмыскерлерінің пайдасына өз қаражаты есебінен 5%тағы да аударымдар бойынша жұмыс берушілерді міндеттеуді заңды түрде бекітті.

Берілген көздерден алынатын зейнетақы көлемі әйелдердің зейнетақы жүйесінде қатысу кезеңіне және зейнетақы жарналарының үздіксіз аударымдарына байланысты болады.

Сондықтан, келесі жылдан бастап зейнетақы жасын кезең-кезеңімен жоғарылатуды іске асырудың басты мәселесі зейнетақы жинақтарын көбейтуге мүмкіндік беру болып табылады. Ол зейнетақы деңгейінің әлеуметтік тиімділігін әйелдерге қамтамасыз ету үшін 2018 жылдан бастап 2028 жылға дейін 10 жыл ішінде, яғни, жыл сайын 6 ай бойынша жүзеге асырылады.

– Әйелдер үшін зейнеткерлікке ерте шығу мүмкіндігі сақтала ма?

– Зейнеткерлікке жеңілдіктермен шығатын әйелдерге барлық әрекеттегі жеңілдіктер сақталған.

Біріншіден, бес бала туған әйелдер 53 жасында зейнеткерлікке шығуға құқылы. Бұл ретте зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтіліне жаңа туған баланы күтуге кеткен уақыты саналады, алайда жалпы алғанда 12 жылға дейін ғана.

Екіншіден, Семей ядролық сынақ полигонының төтенше және барынша радиациялық тәуекел аймақтарында кем дегенде 5 жыл өмір сүрген әйелдер 45 жаста зейнетке шығады. (20 жыл еңбек өтілімен)

Үшіншіден, зейнетақы жинақтау жүйесіне қатысушылар үшін, жеткілікті зейнетақы жинақтары болған жағдайда немесе зейнетақы ануитетін сатып алған жағдайда 50 жасында мерзімінен ертерек зейнекерлікке шығуға құқығы сақталған.

Бұл ретте зейнетақы жинақтары өзіне міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын және ерікті жарналарын қосады. Қаражат жетіспегенде, ануитетті сатып алуға жарналарды және үшінші тұлғалардың қаражаттарын қолдануға болады (жұбайы, балалары және басқа санаттар).

– Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қорғау саласындағы өзгерістерге тоқталсақ…

– Жаңа әдістеме бойынша есептелінген, күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және базалық зейнетақы мөлшері жоғарылайды және 28 284 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, көрсетілген күннен бастап мүгедектер мен мүгедек балалардың арнайы мемлекеттік жәрдемақысы мен мүгедектігі бойынша базалық әлеуметтік жәрдемақымен біріктірілді. Нәтижесінде, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жәрдемақы тағайындау үшін қажетті құжаттарды жинап, тапсыру барысы қарапайымдандырылды. Бұл ретте, алынатын төлемдердің мөлшері азаймайтындықтан, мүгедектердің құқықтары бұзылмайды.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш 2 405 теңгені құрайды, толық еңбек өтілі бола тұра, ең  төменгі  жасына байланысты зейнетақы (2018 жылда тағайындалатын) 33 745 теңге.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button