Басты тақырыпЖаңалықтар

Бейіндік магистратура: алғашқы түлектер ұшты

   ҚарМТУ-да мемлекеттік индустриялдық-инновациялық дамудың екінші бағдарламасына мамандар даярлау бойынша бейіндік магистратураны бітірген алғашқы 120 түлекке диплом тапсыру рәсімі өтті. Бұл түлектер жаңа тәжірибелік-бағдарлық білім беру бағдарламаларына сәйкес дәріс алған. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жаңа индустрияландыруға әлем­дік деңгейдегі мамандарды өзі­мізден оқытып шығару идеясын Мемлекет басшысы ұсынған. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін ұлттық әл-ау­қат қорынан 10 млрд. теңге қарас­тырылған көрінеді.

2015 жылы МИИДБ-2 басым ба­ғыттары бойынша 11 базалық жоғары оқу орны анықталса, соның бірі – ҚарМТУ.

Соған орай, 2015 жылдық 1 қыркүйегінен бастап университетте «Ме­­­­­таллургиядағы нанотехнология» және «Робототехника. Басқару жүйе­­­­­­­лері» инновациялық білім беру бағдарламалары бойынша бейіндік магистратура аясында мамандарды даярлау жұмысы басталған екен.

Бұл білім беру бағдарламала­­рын әлемдік рейтингтің ТОП-500 қатарына енетін, еуропалық және ресейлік әріптестермен бірлесе отырып, бітіртуші кафедра профессорлары әзірледі. Магистрлерді даярлау үшін мемлекеттік білім гранттары бөлінді, әрбір мамандыққа – 62 грант. Болашақ мамандарды даярлаудың халықаралық стандарты оқу процесіне жаңа зертханалық жабдықтарды енгізумен қамтамасыз етілді.

Оқу жылы басталмас бұрын Университетте «Металлургиядағы инновациялық технологиялар лабораториясы» және «ҚарМТУ – Schneider Electric» авторландырылған оқыту ор­талығы жасалды. Олар еуропалық және американдық компаниялардың заманауи оқыту-өндірістік және ғылыми-зерттеу техникалық және бағ­­дарламалық кешендерімен жабдық­талған.

«Қазақмыс» Корпорациясы», «Ар­­селорМиттал Темиртау» АҚ, Құю зауыттарының өндірістік одағы, «Қарағанды Жарық», «Казпромавтоматика», «Караганда Энергоцентр» сияқты ірі кәсіпорындардың тапсырысы бойынша жасалған магистрлік жобалар сәтті қорғалды» деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ҚарМТУ Ресейдің жетекші техникалық университеттерімен бірге, әлемдегі робототехникалар шығару­шы іргелі кәсіпорындардың бірі – «Фесто» (Австрия, Германия) концернінің қолдауымен, халықаралық «Синергия» білім беру жобасын жүзеге асыру ісінен едәуір тәжірибе жинаған. Сол тәжірибенің арқасында өндірістік үдерістерді автоматтандыру кафедрасының базасында бейіндік магис­тратураның жаңа «Робототехника. Бас­қару жүйелері» пәнаралық бағдарламасы жасалды.

Сала құраушы кәсіпорындардың тапсырыстары бойынша 64 магистрлік жоба қорғалды. Алғашқы түлектердің бәрі де жұмыспен қамтылған. Олардың төртеуі Ресейдегі маңдайалды жоғары оқу орындарының бірі – «ИТМО» ұлттық зерттеу университетінің (Санкт-Петербург) магистратурасында қос диплом бағдарламасы бойынша оқуларын жалғастырады.

Марат ИБАТОВ, ҚарМТУ ректоры:

Қазақстанда «Металлургия­дағы нанотехнологиялар» және «Ро­­бо­­тотехника. Басқару жүйелері» инновациялық профильдері бо­­­йынша техника және технология­лар магистрі дипломы бірінші бе­ріліп отыр. Президенттің жаңа Жолдауында қойылған Қазақстанды жаңғыртудың үшінші кезеңі бойынша тапсырмаларды орындауға тікелей қатысу құрметіне ие болады түлектер. Біздің экономикамыздың жеделдетілген технологиялық жаңғыруы Төртінші өнеркәсіптік ре­­волюция жағдайларында өтеді. Төртінші өнеркәсіптік революция әр күн сайын қарқынды дамуда және өндірісті автоматтандыруға, жұ­мыс техникаларын дамытуға, нанотехнологияларға, «сандық фабрикаларды» құруға әкеліп соқтырады. Сондықтан, түлектер ғылыми-техникалық дамудың қайнарында болмақ.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button