Облыс әкімінің есебі қарсаңында

Бейбітшілік, бірлік, келісім – болашақтың негізі

Қарағанды облысының дін істері басқармасының қызметі халықтың бұқаралық санасында радикализм идеяларына қарсы берік иммунитетті қалыптастыруға, сонымен қатар облыс тұрғындарының қоғамдағы толеранттылық пен конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсінуі мен қолдауына бағытталған.

Сурет автордан

Бүгінгі күні біздің облыста негізгі дәстүрлі діндерден де, дәстүрлі емес конфессиялардан да тұратын 318 діни ұйым мен бірлестік жұмыс істейді. Біз алға қойған мақсаттарға жету үшін жұмысты әртүрлі азаматтық қоғам институттарымен тығыз ынтымақтастықта жүргіземіз.

Белгілі бір дәрежеде бұл облыс тұрғындарының 85%-ы тыныш деп есептейтін діни ахуалға берген нәтижелері мен бағасына әсер етпей қоймайды деп айтуға болады.

Тұрғындармен, конфессиялар өкілдерімен, түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдармен тікелей байланыста болу қажеттігін өткен жылғы жұмыс тәжірибесі дәлелдеді.

Облыста азаматтардың дін мәселелері бойынша мемлекеттік құрылымдардың құзырлы өкілдерінен, дәстүрлі дін қызметшілерінен, құзыретті дінтанушылар мен теологтардан мемлекеттік құрылымдардың өкілдерінен, дәстүрлі дін қызметшілерінен, дінтанушылар мен теологтардан толық және нақты ақпарат алудағы конституциялық құқығын жүзеге асыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру топтары құрылып, жұмыс істейді.

Елімізде орын алған эпидемиологиялық жағдайға байланысты іс-шаралардың басым бөлігі онлайн режимінде ұйымдастырылды.

Барлығы 227 мыңнан астам адамды қамтыған 3880 ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Іс-шараларды өткізуге Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мамандары, республикалық дәрежедегі теологтар, дінтанушылар, психологтар, сарапшылар тартылды.

Жастар арасындағы жұмысқа ерекше назар аударылады. Студенттер үшін жыл сайынғы «Noextremism! Noterrorism!» ауқымды акция, «Зайырлылық – қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың іргетасы» дебаттық турнир ұйымдастырылды, «Жусан» операциясы аясында елге оралған әйелдермен кездесулер өткізілді.

Дін қызметшілері мен дін саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру жұмысы тұрақты түрде жүргізіледі. Жыл бойы республикалық дәрежедегі сарапшыларды тарта отырып, оқыту семинарлары ұйымдастырылды.

Заманауи жағдайларда, сонымен қатар коронавирустық инфекцияның таралуының бүгінгі жағдайын ескере отырып, тұрғындардың мақсатты санаттарымен жүргізілетін онлайн форматтағы алдын алу жұмысы өте өзекті болып отыр. Карантин кезеңінде адамдар, әсіресе жастар, көбінесе интернетті, әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді негізгі ақпарат көзі және қарым-қатынас тәсілі ретінде пайдаланып, бар уақытын сонда өткізді. Соның салдарынан ел азаматтары деструктивті және радикалды діни ағымдарды қолдайтындардың алдында бұрынғыдан да осал бола бастады, себебі елімізде карантиндік режимнің енгізілуіне байланысты бұл ағымдардың интернеттегі қызметі айтарлықтай күшейді.

Қазіргі уақытта деструктивті діни ағымдарды қолдайтындар қоғамды бұзатын өздерінің идеяларын насихаттау үшін интернетті белсенді түрде пайдалануда. Материалдары көбінесе жастарға бағдарланған, біз осыны ескере отырып, әлеуметтік желілерге тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, талдау жасаймыз. «Facebook», «Vkontakte», «Instagram» желілеріндегі өзіміздің қарсы насихаттау жұмыстарын жетілдірудеміз. Тұрғындармен online тәртібінде кері байланыс орнату үшін арнайы «WhatsApp» желісінің жұмысы жолға қойылды.

«Дін және заман» ақпараттық-танымдық журналы тоқсан сайын жарыққа шығады. Бұл журналда ғалымдардың, белгілі теологтардың, сонымен қатар мемлекеттік органдар өкілдерінің және дәстүрлі дін қызметшілерінің мемлекеттік-конфессиялық саясат мәселелері жөніндегі материалдары жарияланады. Журнал көпшілік оқырманға арналған.

Басқарма дін саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді, яғни миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу; ғибадат үйлерінен тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналасуын келісу туралы шешім шығару; олардың құрылысын салу, орнын анықтау туралы шешім шығару жұмыстарын жүзеге асырады.

2021 жылы Қарағанды облысындағы діни өмірдің түрлі мәселелері, бірлестіктердің жұмысында кездесетін проблемалар, оның ішінде материалдық және кадрлық мәселелер жөнінде конфессия басшыларымен ондаған кездесулер өткізілді. Сонымен қатар, бұл қарым-қатынаста біз үшін олардың дін саласындағы заңнаманы сақтауы, зайырлы мемлекетте қызметті жүзеге асыруы, конфессиялардың өздері арасындағы ғана емес, жалпы облыс тұрғындарымен де өзара төзімділік пен өзара сыйластықты нығайту басты мәселе болып табылады. Діни бірлестіктердің өкілдерімен жан-жақты қарым-қатынасты дамыту алдағы уақытта да біздің жұмысымыздағы басты басымдықтардың бірі болып қала бермек.

Жыл сайын қазан айында облыста «Рухани келісім» күніне арналған іс-шаралар өткізіледі. Бұл – облыстық кітапханалар мен өңірлік музейлерде ұйымдастырылған тақырыптық кітап көрмелері, Қарағанды қаласындағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары арасындағы «Менің елім – бейбітшілік пен келісім елі» эссе байқауы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері арасындағы «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны.

Үкіметтік емес сектормен ынтымақтастыққа сүйенбей, мемлекеттің дін саласындағы саясатының міндеттерін жүзеге асырудағы жұмысымыздың алға қойған мақсаттарына көп жағдайда қол жеткізе алмайтынын өткен жыл дәлелдеді. Дәл осындай байланыс діни экстремизмнің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл қызметін жетілдіру мен кеңейтуге, жұмысқа білікті мамандарды тартуға мүмкіндік берді. Әсіресе, радикалды діни идеологияның ықпалына түскен адамдарды оңалту жұмысында.

Басқармаға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру жұмысында облыс әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган – Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің жұмысы маңызды рөл атқарады, онда дін саласындағы туындаған міндеттер мен проблемалардың нақты шешімін табуға болады. Жалпы, діни тұрғыдағы ахуал тұрақты.

Басқарма ағымдағы жылы елімізде орын алған соңғы оқиғаларға байланысты республикаға белгілі исламтанушы ғалымдардың қатысуымен бизнес-тренингтер, спорттық турнирлер, топтық кездесулер сияқты түрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру арқылы мешіт жамағаттарымен жұмысты күшейтеді. Әйелдер жамағаты мен балалар үшін тимбилдингтер, шеберлік сыныптары, балалар балалардың ойын-сауық және патриоттық байқаулары мен ойындар ұйымдастырылады.

Дулат ХАЛЕЛ,
Қарағанды облысының дін істері басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button