Руханият

Батырлар жыры – балалар жүрегінде

Батырлар жыры балаларға эстетикалық тәрбие берумен қатар оларды патриоттық рухта тәрбиелеуде ерекше маңызға ие екені белгілі. Осы орайда, Қарағандыда мектеп оқушылары «Қобыланды батыр» жырын мәнерлеп оқудан сайысқа түсті. Байқауды Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы ұйымдастырды.


Байқау шарты бойынша бірінші кезеңде қатысушылар «Қобыланды батыр» жырын қаншалықты білетіні бойынша 30 сұрақтан тұратын тест тапсырды. Екінші кезеңде үміткерлер эпостан үзінді оқыды.

Жарыс нәтижесінде жүлделі І орынды №53 мектеп-лицейдің 7-сынып оқушысы Нұрбол Аманбаев иеленсе, ІІ орын «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің оқушысы Айар Бекхалиға бұйырды. ІІІ орынды Абай атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Нұртөре Құрмашев пен №87 мектеп оқушысы Айзере Бөлегенов өзара бөлісті.

– Дайындыққа көп уақыт кетпеді. Нұрбол он шақты күн дайындалды. Дастанның мазмұнын толық біледі, біразын жаттаған. Оқушылардың халық мәдениетіне деген қызығушылығын арттыратын мұндай байқаулар ауадай қажет, – дейді №53 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қарақат Уәлибекова.

Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button