Бұрынғы бас редактор Батырхан Жанатов өмірден өтті
Атпал азамат, адал жар, асқар тау әке, ақылшы ата бола білген Батырхан Жанатов 72 жасында өмірден өтті.
Батырхан Жанатов 1953 жылы жазиралы Жаңаарқа ауданында туған. Қарағанды кооператив институтын экономист мамандығы бойынша бітірді. Кейін Қазақ ауыл шаруашылығы институтын тәмамдады. Мәскеудегі Жоғары комсомол мектебінің түлегі.
Жаңаарқа аудандық комсомол ұйымында бірінші хатшы, аудандық партия комитетінде үшінші хатшы, Мемлекеттік мүлік жөніндегі Жезқазған облыстық комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды.
Кеншілер өлкесінің гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне еңбек сіңірді.
1996-1997 жылдар аралығында облыстық “Орталық Қазақстан” газетінде бас редактор болып, басылымның өсіп-өркендеуіне үлес қосты.
Кейін “Қазақмыс” корпорациясында еңбек етіп, іскерлігінің арқасында іргелі ұжымда абырой-беделге ие болды.
Ағайын-туыс, бауырлар, құда-жекжат, дос-жаран және көзін көрген барша жамағатқа қонақ асы 9.05.2025 ж. сағат 18:00-де “Ақ сарай” мейрамханасының Күміс залында беріледі.
Мекенжайы: Шахтерлер даңғылы 2/1
Жаназа намазы 10.05.2025 ж. сағат 10:00-де “Әнет баба” атындағы орталық мешітте оқылады.
Көңіл айтамын деушілерге Қарағанды қаласы, Шахтерлер даңғылы, 31А, 12 пәтер.
Асы 10.05.2025 ж. сағат 12:00-де
Қарағанды қаласындағы “Ақ сарай” мейрамханасының Алтын залында беріледі.