Шет

Батырға құрмет – ұрпаққа міндет

   Елбасы бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шет агротехникалық колледжінде «Жидебай батыр» қорының президенті Әнуарбек РАХЫМБЕКҰЛЫМЕН кездесу өтті.

Бүгінде «Қазақстан киелі жерлерінің географиясы» бағдарламасына Шет ауданынан екі нысан тізімге алынды. Оның бірі – Бектауата табиғи аймағы болса, екіншісі – Жидебай батыр қорымы.

Кездесуде колледж басшы­лы­ғы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асып жатқан шараларға тоқталды. Әнуарбек Рахымбекұлы Жидебай батырдың ерліктері туралы баяндап, батыр жөніндегі шығармалардан үзінді оқыды. Сондай-ақ, қор президенті Шет агротехникалық колледжінің оқытушылары мен колледж студенттерінен құрылған «Жігер» жастар ұйымының ерікті топ өкілдеріне алғысын білдірді.

Қазан айында колледж студенттері мен оқытушылары Жидебай батырдың басына барып, жөндеу жұмыстарына атсалысқан болатын. Кесене қоршауларын дә­некерлеп, Шерубай-Нұра өзені үстіндегі көпірді күрделі жөндеуден өткізіп, қоршау сыртын бояды.

Ризашылығын жеткізген Әнуарбек Рахымбекұлы колледждің озат студенті Қатқада Қайсеннің оқуға түсуіне жәрдемдесетіндігін жеткізді. Батырдың ұрпағы Қантай ағамыз құрбандық шалып, Өмірбай қажы құран бағыштады.

Айта кетейік, алдағы уақытта Жидебай батырға Балқаш қаласында музей ашылып, еңселі ескерткіш бой көтермекші. Келешекте Қарағанды қаласынан батыр­ға көше берілсе деген тілек бар.

Қалижан ҚАДЫРЕТ.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button