Шет
БАТЫЛ ҚАДАМ – БЕРЕКЕЛІ ТАБЫС
Ауыл шаруашылығын өркендетудің тетігі мемлекет белгілеген қаржы көзіне қол жеткізіп, меже биігінен көріне білу. Мәселен, «Баубек» шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасының шапағатын көре бастады.
Шаруа қожалығының жетекшісі И.Хасенов көп ойланған жоқ. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 10 млн. теңге несие алды. Міне, осыдан бастап, қожалықтың шаруасы дөңгелей бастады. Іскер жетекші 46 бас сиыр, 4 ақбас бұқа сатып алды. Бұл ірі қараны бір жағынан еттік бағытта өсіруге болады. Көп ұзамай асыл тұқымнан артық өнім алынып, табыс көзі еселене түседі. Қазір ұжымда мал қыстату науқаны бір сыдырғы өткерілуде. Жемшөп жеткілікті, табынның қоңдылығы айтарлықтай.
Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ
Шет ауданы.