Сайлау – 2021Шет

Батықта дауыс беру жалғасуда

Батық ауылдық округі бойынша 1 сайлау учаскесінде сайлау өтуде. 

— Бүгін ел іргесінің бүтін болуы үшін маңызды қадам жүзеге асырылуда. Мен ауыл әкімдерінің сайлауынан зор үміт күтемін, бұл сайлау ауыл халқына , жастарға зор мүмкіндік береді. Әкімді өзі сайлаған халық әкімдікпен тығыз байланыста болады. Әкім халықпен санасып,  халық пен билік арасында байланыс нығая түседі деп ойлаймын. Жаңадан сайланған әкім ауылды көркейтеді, ауылымызға тың өзгерістер әкеледі деп ойлаймыз, — дейді ауыл тұрғыны, Батық жалпы білім беру мектебінің мұғалімі Күміскүл Тойшыбай. 

Дауыс берушілер барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, қалаған кандидаттарына дауыс беруде.

Басқа материалдар

Back to top button