АймақБұқар жырау

Баспаналы болды

Жаңа жылдың алдында Ботақара кентінің 48 тұрғыны баспаналы болып, Ұлу жылын жайлы да жылы пәтерлерінде қарсы алды.

Суретті түсірген Д.Торжанов

Олар осында жаңадан бой көтерген 12 пәтерлік екі қабатты төрт үйге қоныстанды. Бұл үйлер көпбалалы және жалғызбасты аналарға, әлеуметтік осал топқа жататын басқа да адамдарға арнап салынған болатын. Осы жаңа пәтерлердің кілтін оларға Бұқар жырау ауданының әкімі Абылай Сұлтанғали мен аудандық мәслихаттың төрағасы Асхат Әли салтанатты түрде табыс етіп, өз кезегінде үй иелері де алғыстарын айтып жатты.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button