Қарағанды

Балбөбектер мекені – балабақша

    Бүлдіршіндерді тәрбиемен сусындатып, өскелең өмірге лайықты қалыптасуына әсер ететін тәрбиенің арнасы, тәлімгерліктің бұлақ көзі – мектепке дейінгі мекеме екені сөзсіз.

Осы орайда қалалық №102 «Айсұлу» балабақшасында жүргізіліп жатқан жұмыстарға куә болдым. 40 жылдан астам тарихы бар, яғни 1972 жылы құрылған екі тілде оқытатын балабақшада 12 топ жұмыс істейді, онда 300 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Жүгі салмақты мекеменің жұмысын жан-жақты дамытып, іскерлікпен ұйымдастырып, бір арнаға бағыттап отырған балабақша директоры Әсемгүл Жакулова өз қызметін абыроймен атқарып келеді. Балабақшадан басталатын білім мен тәрбиенің нәрін жас ұрпақтың бойына сіңіртуде балабақша әдіскерлері Наталья Семиренко, Айнұр Ахметова сонымен қатар, «Нұрсәуле» тобының тәрбиешісі Бақытгүл Әжібаева мен осы топтың логопеді Мәншүк Тойымбекованың еңбектері ұшан-теңіз. Аз ғана уақыт аралығында жас ұрпақпен танымдық-тілдік, көркемдік-эстетикалық жетілу мен патриоттық тәрбие беру бағыттарында шығармашылық жұмыстарын жүргізіп, ата-аналармен бөлісті.

Балабақшаның ойыншықтары мол, бөлмелері кең, топтары жарық әрі таза. Түрлі қойылымдар мен мерекелік шараларды өткізуге арналған балабақша ауласында белсенділік орталықтары бар.

Бөбектердің мекеніне айналған №102 «Айсұлу» балабақшасының директорына және ұжымына бала жүрегіне жол тауып, ізгілік нұрын төгіп, тәрбиелеу мен оқытудағы атқарар игі істеріне сәттілік тілейміз.

А.АЯҒАНОВ,

«Нұрсәуле» тобы ата-аналар комитетінің мүшесі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button