Шет

Балалар әлемінің білгірі

     Ақадыр кенттік балалар кітапханасында белгілі жазушы Бердібек СОҚПАҚБАЕВТЫҢ шығармашылығына арналған оқулар өтті. Әдеби шараға Ә.Ермеков атындағы орта мектептің 6 «ә» сынып оқушылары қатысты.

Шараның ойдағыдай өтуіне аталған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Мұқанова мен машықтанушы Д.Райымбек ұйытқы болды.

Кеш өтетін оқырман залына мазмұнға сай «Балалар әдебиетінің атасы» тақырыбында жазушы кітаптары мен мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар қойылды. «Балалар әдебиетінің классигі» атты мәліметтер тізілімі жасақталып, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жазушының өмірі мен еңбек жолы жайлы әдеби викторина өткізілді.

Кеш барысында кітапханашылар жазушының шығармаларына библиографиялық шолу жасады. Балдырған оқырмандар жазушының «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым – Қожа» атты повестеріне үзінділер оқып, пікір алмасты.

Боранкүл БӘКІРОВА,

Ақадыр кенттік балалар кітапханасының кітапханашысы.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button