АймақБалқаш

Балқаштық балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Интернет желісінде Балқаштағы «Ертөстік» балабақшасы тәрбиешісінің балаларды ұрып, қысым көрсетіп жатқан видеосы тарап кетті. Қазіргі уақытта мекеме қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Видеода тәрбиеші балаларды пышақ сабымен ұрып жатқаны анық көрінеді. Тіпті, жұдырық жұмсап, шашын жұлып жатқан тұстары да бар. Одан қала берді балаларды орындыққа отырғызып қойып, бар салмағымен баланың үстіне отырып, әлімжеттік көрсеткен.

Сонымен қатар, тәрбиешінің санитарлық нормаларды сақтамағаны да белгілі болды. Ол үстелдің үстін сүрткен шүберекпен балалардың бет-аузын сүрткен. Еденді жуған қолын шаймастан  балалардың ас ішетін ыдысын ұстаған. Осы көріністің бәрін видеожазбадан анық көруге болады.

Полиция департаменті балабақша қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button