Бас тақырыпЖаңалықтар

Балқашта жеті мектепте STEAM зертханалары ашылды

Арнайы жабдықталған оқу кабинеттерінде жаратылыстану-техникалық, инженерлік-математика және өнер бойынша 300-ге жуық балаға қосымша сабақтар өткізіледі. Аталмыш зертханаларда оқушылар өз жобаларын жасап, робототехникамен және бағдарламалаумен айналысады, эксперименттер мен зерттеулер жүргізеді. STEM зертханада сабақ беру үшін мұғалімдер біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

Сурет: e-cis.info

– Пәндерді интеграциялау көп нәрсе береді. Балалар математиканы да, өндірістік технологияны да оқиды. Олар біздің кәсіпорындармен, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдерімен бірге көптеген жобаларды жүзеге асырып, тәжірибеден өткізеді,-дейді Балқаш қалалық білім бөлімінің басшысы Қарлығаш Дүбірбекова.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button