АймақБалқаш

Балқаштағы автобустар электронды төлем жүйесіне қосылады

Қараша айының 10-ынан бастап Балқаштағы қалаішілік автобустар толығымен ONAY! электронды төлем жүйесіне қосылады. Бұдан былай төлем картасы арқылы жол ақысы – 60, қолма-қол төлесеңіз – 120 теңге болады.

Сурет: baribar.kz сайтынан алынды

Одан бөлек, көп балалы аналар мен І топтағы мүгедектерге арналған жеңілдік карталары да бар. Бұл картаны Қараменде би көшесі, 15 үйде орналасқан Open akimat-тағы қызмет көрсету пунктінде рәсімдейді.

Ал, 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған карталарды қала мектептерінен алуға болады.

Бірыңғай картаны Қараменде би көшесі, 15 үйдегі Open akimat кеңсесінде, сондай-ақ Орталық базарда орналасқан «Беларусь өнімі» павильонында және Әлімжанов көшесі, 14 үй мекенжайы бойынша сатып алуға болады.

ONAY! мобильді қосымшасында негізгі тариф (жеңілдікті есепке алмағанда) бойынша QR-код арқылы жол ақысын төлеу үшін виртуалды картаны шығаруға болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button