АймақБалқаш

Балқаштағы ауруханаға жаңа медициналық жабдық сатып алынды

Жыл басынан бері Балқаш қаласының көпсалалы ауруханасына республикалық бюджет есебінен 25 заманауи медициналық жабдық сатып алынды. Олар перзентханада, реанимация, неврология, травматология, хирургия мен оңалту бөлімшесінде орнатылды.

Медициналық құрылғылар «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында алынды. 2025 жылға дейін қалалық аурухананы жалпы сомасы 3 млрд. теңге болатын 124 медициналық жабдықпен қамтамасыз ету жоспары тұр.

– Бұл жолы біз сарапшы санатына жататын бірнеше УДЗ, ФГДС аппараттарын алдық. Сонымен бірге, колоноскоп пен бронхоскоп, шала туған балаларға арналған жасанды тыныс алдыру аппараттары келді. Бұдан бөлек, шала туған балалардың алғашқы сағаттарында көмек беретін Т-жүйесі де жеткізілді. Аппараттардың басым бөлігі перзентханаға қойылды, – дейді аурухана директоры Серікбол Түсіпбеков.

Оның айтуынша, емдеу мекемесі 150 мың адамға қызмет көрсетеді. Қандай да бір жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер де осы ауруханаға жеткізіледі екен. Оның үстіне, қалада ірі кәсіпорын бар. Сондықтан, мұндай қолдаудың маңызы зор.

Жаңартылған медициналық жабдықтар диагностиканың дәлдігін және пациенттерді емдеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ал, қала тұрғындары медициналық қызмет үшін облыс орталығына сабылмайтын ­болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
БАЛҚАШ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button