Бас тақырыпРесми

Балқашта құрылыс жұмыстарының көлемі екі есеге артады

Биыл Балқаш қаласында 8 тұрғын үй бой көтереді. Оның екеуі баспана кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтарға арналған. Бұдан бөлек, қаланың коммуналдық мәселелері де оң шешімін табады. Үкімет басшысы Асқар Мамин мысты өңірдегі тұрғын үй құрылысын барысын тексерді.

 Былтыр қалада 5497 шаршы метр баспана пайдалануға берілген. Биыл бұл көрсеткіш екі есеге дейін ұлғайып, 10 800 шаршы метр тұрғын үй тапсырылады деп жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары негізінен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бюджет қаражаты есебінен жүргізілген. Ал, коммерциялық және жеке тұрғын үй құрылысы қарқын алмай тұр. Оған қаладағы коммуналдық мәселелер кедергі келтіруде. Сондықтан,  «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы» жобасы әзірленіп, іске асырылуда. Ол «Самал» ықшамауданындағы энергия, жылу және сумен жабдықтау мәселелерін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде тұрғын үй құрылысының дамуына ықпал етпек. Сондай-ақ, 2022 жылға қарай «Қоңырат» ықшамауданына орталықтандырылған жылу желісін жеткізу мәселесі де оңтайлы шешімін табады.  

Бұдан бөлек, Үкімет басшысы «Kazakhmys Smelting» ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытында болды. Онда Премьер-Министрге өндірістік үдеріс және кәсіпорынды одан әрі дамыту жөніндегі жоспарлар таныстырылды.

Басқа материалдар

Back to top button