Бас тақырып

Балқашта кәріз желілері мен сумен жабдықтау жүйесі жаңартылуда

Балқаш қаласындағы кәріз желілері мен сумен жабдықтау жүйесі әбден тозған. Соның салдарынан талай мәрте апат та орын алды. Бүгінде қаладағы кәріз желілері толық жаңартылуда. Қазіргі уақытта қаланы сумен жабдықтау жүйесінің екінші және үшінші кезеңі жүріп жатыр. Одан бөлек, көл жағалауының құрылысы да қарқынды жүруде. Аймақ басшысы шаһарға іс сапармен барып, жөндеу жұмыстарымен танысып қайтты.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Сумен жабдықтау желісіне келер болсақ, магистральдық және орамдық желілер қалыпқа келтіріледі. Биыл ұзындығы 14 шақырым болатын құбыр ауыстырылмақ. Тиісінше, қаржыландыру мәселесі мен қажетті материал жабдығы шешілген.

Сонымен қатар, жылу желілерін қайта құру жұмыстары да жалғасуда. Жылу желілері үшін отандық өндірушілердің шығарған өнімдері, яғни, оқшауланған құбырлар қолданылады. Бұндай бастама өңірде бірінші мәрте қолданысқа енгізілгелі отыр.


Айта кетейік, қалаішілік жолдар тек құбырлар төселген аймақта ғана жасалады. Құбырлар толық жөнделіп бітпейінше қалаішілік жолдар жөнделмейді. Осы маусымда 16 көшенің құбыры жөнделеді деп жоспарланған. Әзірге оның тек бесеуі ғана дайын.

Аймақ басшысы шаһарға жасаған әр сапарында жағалаудағы абаттандыру жұмыстарын көрмей кетпейді. Сол дәстүрінен жаңылмай, осы сапарында да жағалауға барып, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап қайтты.

Бүгінде жағалау аймағы қамыстан тазартылған. Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу жұмыстары да аяқталып қалыпты. Маусым айында субұрқақ қойылады деп күтілуде. Одан бөлек, жағалау аумағына жаңа гүлзарлар, спорт және балалар ойын алаңы салынады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button