АймақБалқаш

Балқашта ертең суық су болмайды

Ертең, яғни, 8 қарашада Балқашта бірнеше көше мен мемлекеттік нысандарда суық су болмайды. Рысқұлова көшесінің бойындағы жаңа тоқсандық су құбырын қайта іске қосу үшін таңғы 8:00-ден 18:00-ге дейін бірнеше мекенжай бойынша суық су болмайды.

Сурет: National Geographic Qazaqstan

№1, №2 және №3 шағын аудандарынан бастап, Балқаш станциясы, Қоңырат ықшам ауданы мен 64-орам, Жұмысшылар кентінде су тоқтатылады. Сонымен қатар, Шашубай ықшам ауданы бойынша бірнеше үйде, Щербаков көшесіндегі №28 және Қараменде би көшесіндегі №19 үйде уақытша су болмайды.

Ал, мемлекеттік нысандарға келсек, БГТК колледжі, «Музей», «Бассейн», «Гулдер» емханасы, №16 және №17 мектепте де суды өшіру жоспарланған. «Айгөлек», «Алтын сақа», «Бөбек» балабақшасы мен оқушылар сарайында да су болмайды. Сонымен қатар, осы мекенжайлар бойында орналасқан дүкендер мен жанармай бекеттерінде, мейрамханаларда, спорт кешендерінде де суық су болмайды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button