АймақБалқаш

Балқашта биыл 12 көшенің жолы жөнделеді

Балқаш қаласында алдағы үш жылда 124 шақырым құбыр желілері ауыстырылады. Одан бөлек, биыл 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал, келесі жылы тағы 8 көше жөндеуден өтпек. Балқашқа жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, аталған жұмыстардың барысымен танысты.

Балқаш қаласы

Қаладағы су құбыры желісі 85%-ға тозған. Алдағы үш жылда олардың бәрі жөнделіп, қалпына келтіріледі.

Жолдар жөнделіп болған соң, тротуарлар, асфальттау және инженерлік желілер жүргізілетінін айту керек.

Сондай-ақ, биыл қалада 18 аула абаттандырылады. Заманауи балалар ойын алаңдары, футбол алаңдары мен тренажер орнатылады. Жарықтандыру жүргізіледі.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button