АймақБалқаш

Балқашта бір тәулікке суық су тоқтайды

Тозығы жеткен су құбырларының жаңасына ауыстырылуына байланысты «Балқаш Су» ЖШС қала бойынша суық судың бір тәулікке тоқтатылатынын хабарлады.

Сурет: batys.info сайтынан

– Құрметті балқаштықтар! 2023 жылдың 22 қарашасы сағат 00:00-ден бастап, «Балқаш Су» ЖШС-нің бас сорғы стансасында суық суды өшіру жоспарланып отырғанын хабарлаймыз. Жабдықтың жоспарлы түрде тоқтатылуы суық су желісінің ескі, тозығы жеткен желіден жаңа суық су желісіне қайта қосылуымен байланысты, –  деп хабарлады Балқаш қаласының әкімдігі.

Жұмысты мердігер ұйым «Мелиоратор» ЖШС «Балқаш Су» ЖШС-мен бірлесіп жүргізбек.

Қала әкімдігі тұрғындардың бір тәулікке жетер ауыз су қорын жинап алуды сұрайды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button