АймақБалқаш

Балқашта қалаішілік автобустар «ONAY!» жүйесіне ауысады

Балқаш қаласында қараша айынан бастап қалаішілік автобустар «ONAY!» төлем жүйесіне ауысады. Бұдан бұлай балқаштықтар жол ақысын арнайы терминал немесе QR-код арқылы төлейді.

– Маршрутты желіні оңтайлату мақсатында тиісті меморандумға қол қойдық. Біртіндеп автобус парктері автобустарды жаңартады. Маршрут кестесіне түзетулер енгізіліп, аралықтары қысқартылады. Сонымен қатар, жолаушылар мобильді қосымша арқылы көлік қозғалысын бақылай алады. Қалалық көліктерде көлік картасының үш түрі қолданылады, – деді Балқаш қаласының әкімі Сапар Сатаев.

Жеті жасқа дейінгі балаларға жол жүру – тегін. Яғни, «Балалар картасы» беріледі. Ал, 18 жасқа толмаған жолаушыларға жол жүру құны толық тарифтің 50% құрайды. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға сондай-ақ бірінші топтағы мүгедектерге «Республикалық жәрдемақы» картасы беріледі. Қалғандары «Бірыңғай картаны» пайдаланады.

Карта құны – 500 теңге. Бүгіннен бастап арнайы карталар сатылымға шықты.

Әлімжанов №14 көшесіндегі «№1 Беларусь өнімі» дүкені мен Қараменді би №9  көшесіндегі Беларусь өнімдерін сату бөлімінен сатып алуға болады. Немесе, Open akimat кеңсесінен рәсімдеуге болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button