Мәселе
Балқашта 200-ге жуық тұрғыннан қатерлі ісік анықталған
Дәрігерлер аймақ тұрғындарынан скринингтік тексерулерді кейінге қалдырмауын сұрайды. Себебі, жыл басынан бері скринингке түсу барысында 200-ге жуық балқаштықтан жасушалық өзгерістердің, қатерлі ісіктің бары анықталған. Дәрігерлер уақытылы тексерілмегендіктен осындай жағдайдың орын алғанын айтады. Уақытылы тексеріліп, аурудың алдын алуға кеңес береді.

2020 жылдан бастап бүгінге дейін 275 балқаштықтан жатыр мойыны обыры анықталған. Одан қала берді аймақ тұрғындарының 200-інен – сүт безі обыры және 60-тан астам тұрғыннан тоқ ішек обыры анықталған.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz