Жаңалықтар

Байыпты жанға – лайықты марапат

       Дүбірге толы дүние – физиктердің заңы мен лириктердің жан тебіренісінің үйлесімі. Осының алғашқысы – физика саласының жілігін шағып, майын ішкен ұлағатты ұстаз Төлеген АРКОНОВТЫҢ кеудесіне күні кеше Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі тағылғанын сүйіншілейміз.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлеген Жұмашұлы Қарқаралы ауданының Құр­метті азаматы атағын алға­ны жақында хабарлаған бола­тын­быз. Енді, міне, «Ы.Ал­тынсарин» төсбелгісін оның өңі­ріне облыстық білім бас­қармасының басшысы Асхат Аймағанбетов салтанатты түрде тағыпты. Саналы ғұмырын ұстаздық жолға арнаған жанның еңбегі бұған дейін де бірнеше мәрте бағаланған болатын. Қа­зір Қарағандыдағы №77 мектеп-балабақша кешенінде физика пәнінен сабақ беретін ұстаз кезінде Қазақ ССР һәм КСРО оқу ісінің үздігі ретінде марапатталған. Кәсібіне адал­дығы үшін Қарағанды облысы әкімінің сыйлығымен мара­пат­талғаны және бар.

Ұзақ жылдар бойы бұрынғы Егіндібұлақ ауданының білім бөлімін басқарған Төлеген Жұ­машұлы сексеннің сеңгіріне шықса да бала тәрбиесінен қол үзген жоқ. Байыпты жанның лайықты марапаты құтты болсын!

Жәнібек ӘЛИМАН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button