Байыпты бағдар
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгерлігіне тағы бір мәрте көзім жетті. Себебі, қолданыстағы кириллица қарпін латын әліпбиімен ауыстыру – 21 ғасырда қозғалар ең маңызды мәселе десе де болады. Ал, қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Оны дамыту да, жаңғырту да өз қолымызда. Сөйтіп, латын әліпбиіне ауыса отырып біз ақпарат кеңістігіне еркін ене алатын боламыз.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» тақырыбында өткен парламенттік тыңдау – латын әліпбиіне ауысудың жүйелік жоспары барын аңғартты. Сонымен бірге, атқарылған және болашақта атқарылар жұмыстардың ауқамы қаншалықты кең екендігін де танытты.
Менің ойымша, латын әліпбиіне ауысу мәселесі – мемлекетіміздің ұлттық мүддесіне жауап берер өте орынды қадам. Өз кезегімізде, біз де бұл аса маңызды реформаны қолдаймыз.
А.ЛОМАКИН,
қалалық мәслихат
хатшысы.
ТЕМІРТАУ қаласы.