Бағыты – айқын, Болашағы – жарқын

    Теміртау Қазақстанның металлургия саласының жүрегі іспетті. Сондықтан да, қазір ырғақты жұмыс жасап тұрған комбинат тұрғындарды еңбекпен қамтушы басты кәсіпорын санатында. Бұл қаланың, еңбек рыногында токар, электр дәнекерлеуші, монтажшы және слесар мамандарға сұраныс жоғары. Осы орайда аталмыш маман иелерін дайындау бойынша Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында атқарылған шаруалар да аз емес. Бұдан бөлек, жергілікті тұрғындарды оқытуға жұмысқа орналастыруға, жеке бизнесін ашуға мүмкіндіктер жасалып отыр.

    Басқа салаларға да, сұраныс бар. Мәселен, бағдарлама аясында 17 теміртаулық қол өнерге бейімделіп, жүннен түрлі дүниелер жасауды меңгерді. Бір айта кетері, жаңа кәсіппен айналысуға бет бұрғандар мүмкіндігі шектеулі жандар. Олар, сүйікті кәсібіңде ешқандай да, шектеудің болмайтындығын ұғындырды. Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығы арқылы өңіріміздегі ұлттық өнер мен түрлі мүсін жасаушы «Шебер» қоғамдық бірлестігіне жұмысқа орналасты.

Қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Әсел Нәбиеваның айтуынша бағдарламаның бағытына басымдық беріліп, арнайы жұмыс орындармен қамту жіті назарға алынған.

Қазіргі таңда, кәсіби білім алуға 156 адамды жіберу жоспарда тұр. Бұған 57 791,1 мың теңге бөлінді. Токарь, электр газбен дәнекерлеуші, темір бетондарын жобалаушы — монтажшы, металлдарды құрастырушы-жобалаушы слесарь мамандықтарын оқуға 421 адам жіберілді. Олардың қазіргі уақытта 157-сі тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды. Бір ескеретін жайт тыңдаушылардың көбі сұранысқа сай оқуларын мерзімінен бұрын аяқтады. Бүгінде 257 Теміртау қаласының тұрғындары оқуларын жалғастыруда, – деді Ә.Нәбиева. Теміртау қаласынан басқа да жақын маңда орналасқан аудандардан бағдарлама аясында оқуға ниеттілер аз емес. Оларға да жұмыспен қамту орталығы қолұшын беруде. Орталыққа бас сұққандар жұмыспен қамтылып немесе білімін жетілдіруге мүмкіндік алып отыр. Сондай-ақ, қалада «Жастар практикасы» жобасы жолға қойылған. Теміртауға жаз айларында колледждер мен жоғары мектептерден 68 түлек бағдарлама бойынша жұмысқа тұрған. Сонымен қоса, металлургтер қаласында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. Жақында бос жұмыс орындарына өткен жәрмеңкеде алты кәсіпорын бос жұмыс орындарын жариялады. Олардың арасында, балабақша, техникалық колледж және шағын кәсіпорындар бар. Кәсіпорындарға, аспаз, маркшейдерлік, монтажшы, дәнекерлеуші, сауда агенті, хатшы-реферант, есепші, аула сыпырушы, мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі, музыка жетекшісі, сылақшы, дене шынықтыру нұсқаушысы сияқты мамандық иелерінің сұранысы артты. Жәрмеңкеге қатысқан 30 адамның жартысынан көбі өздеріне тұрақты жұмыс орнын тапты. Атап айтқанда, бағдарламаның бағыты айқын, болашағы жарқын. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы Теміртау қаласында жұмыссыздар санын азайтып, шаһардың дамуына өзіндік үлесін қосып отыр.

Самал АХМЕТОВА.

ТЕМІРТАУ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.