Теміртау

Бәсіре – Базар жыраудан

Жақында Теміртаудағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында халқымыздың белгілі ақыны Базар жырау Оңдасұлының 175 жылдығына арналған «Қазақты сүттей ұйытқан…» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.

Шараның мақсаты – Базар жырау Оң­дасұлының өмірі мен шығармашылығын жұртшылыққа кеңінен насихаттау, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы негізінде халқымыздың бай рухани құндылықтары мен мәдени-әдеби мұрасын дәріптеу.

Әдеби-сазды кешке қала әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы Теміртау қалалық филиалы, Қоғамдық кеңестің өкілдері, қоғамдық ұйымдардың басшылары,  Базар жыраудың тікелей ұрпақтары мен жерлестері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар назарына Базар жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнебаяндар ұсынылды, дәстүрлі әндер орындаушылары жыраудың өмір, адам­гершілік, пәлсапаға толы толғаулары мен термелерін жырлады. Өнерпаздардың ішінде Базар жыраудың термелерін орындаған Сәбит Дабылов, Ерлан Бекмұратов көрермендердің ерекше құрметіне ие болды. Ұлы жыраудың тікелей ұрпақтары мен жерлестері ол туралы ойларын ортаға салды. Сәулетші Нұрхан Сейітов Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығына өзі дайындаған Базар жыраудың шежіресін, суретші Шарапат Меңліқұлов жыраудың портретін тарту етті.

Әдеби-сазды кеш соңында іс-шараға белсенді қатысушылар орталықтың Алғыс хаттарымен марапатталды.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button