Референдум

«Бүгінгі күн — тарихи сәт»

Референдумда таңдауын жасаған облыстық мәслихат депутаты Жәнібек РЫСПЕКОВ бүгінгі күн – ел өміріндегі ең маңызды тарихи сәт екеніне сенімді.

Облыстық мәслихат депутаты Б.Амалбеков атындағы мектепте орналасқан №537 референдум учаскесіне келіп, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қатысты өз дауысын берді.
«Иә, бүгінгі күн — тарихи сәт. Ел үлкен үмітпен дауыстарын беруде. Жалпыхалықтық референдум — ортақ мүддені көздейді. Яғни, биліктің халықпен санассып отырғанын көрсетеді. Ең алғашқы референдум осыдан 27 жыл бұрын өткен. Бұл жолы Ата Заңның 33 бабына 56 өзгерістер енгізу ұсынылып отыр», — дейді депутат.

Қасымхан ҒАЛЫМ.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button