БҮГІН! 28 мамырға арналған ауа-райы болжамы

Дүйсенбі, 28 мамырда Қазақстанның басым бөілігінде атомосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты елдің орталығы мен солтүстігінде қар жаууы ықтимал, елдің өзге аймақтарында жауын-шашын болып, күн күркіреп, жел күшейеді. Тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік батысында ғана күн ашық болады. Кей жерлерде бұршақ жауып, шаңды дауыл көтеріліп, тұман түсуі ықтимал.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне қарағанда, Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 метрге жетіп, шаңды дауылға ұласады.

Ақмола облысында жел тұрады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, күндіз желдің жылдамдығы республиканың басым бөлігінде 15-20 метрге жетеді, екпіні 25 метр болады. Кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таң ата тұман түседі.

Алматы облысының бірқатар аймағында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, күндіз екпіні 23-28 метр болады. Таң ата және күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 метр болады. Бұршақ жауы ықтимал.

Қостанай облысында таң ата және күндіз жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 17-22 метр болады. Түнде тұман түсуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында жел тұрып, тұман түсіп, бұршақ жаууы да мүмкін. Түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, күндіз де 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді.

Қарағанды облысының кей аймақтарында тұман түсіп, бұршақ жауып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23-28 метр болады.

Павлодар облысының бірқатар аймақтарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, күндіз күн күркірейді.

Қызылорда, Атырау, Маңғыстау облыстарында күндіз жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда мен Атырау облысында шаңды дауыл көтеріледі.

Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде күндіз  секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Маңғыстау облысында және Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында өрт қаупі туындайды.  

Дереккөз;  www.inform.kz 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.