Жаңалықтар

Бұдан былай төлемді аударым арқылы жүргізуге тиым салынады

Қаржы министрлігі арнайы бұйрыққа қол қойды. Бұдан былай дүкендер мен мейрамханаларда, дәріхана мен клиникаларда төлемді аударым арқылы жүргізуге тиым салынады. Барлық ақшалай есеп айырысулар қолма-қол ақшамен немесе банк карталары арқылы, не QR кодтармен жүзеге асырылу керек, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Қаржы министрлігіне сілтеме жасап. 

Егер кәсіпкер заңға бағынбаса, айыппұл арқалайды. Яғни, кез келген тұтынушы POS-терминал арқылы төлем қабылдамаған кәсіп иесін камераға түсіріп, бейнежазбаны тиісті органдарға жібере алады. Кейін сол деректер бойынша шаралар қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Азаматтық бақылау – чекті талап ет» акциясын бастаған болатын.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button