Коронавирус

Бұқар жырау ауданының Центральное ауылында карантин енгізілді

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Центральное ауылында коронавирустық инфекция жағдайларына байланысты карантин енгізілді. КВИ Омбыдан келген қонақта расталды. Байланыста болғандар арасында да ауру жағдайлары тіркелді.

Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Бұқар жырау ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен Центральное ауылына карантин енгізілді. Блок бекеттер орнатылды және карантиндік аймаққа кіруге және одан шығуға тыйым салынды.

Ауыл тұрғындары карантин режимін сақтауға міндетті. Үйден тек жұмысқа, жақын дүкендерге немесе дәріханаларға баруға болады.

Карантин соңғы науқас емделіп шыққанға дейін дейін жалғасады. Шектеулерді алып тастау туралы қосымша хабарланатын болады.

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары, бетперде режимін, қашықтықты сақтау, сондай-ақ антисептиктерді пайдалану қажеттілігі туралы еске саламыз.

Басқа материалдар

Back to top button