Бұқар жырау ауданында кәсіпкерлікке грант берілді
Бұқар жырау ауданының әкімдігінде өз кәсібін ашуға өтініш білдіріп, жобаларын ұсынған 10 адамға грант берілді.

Аудан әкімі Ерлан Құсайын грант иегерлерін құттықтап, олардың кәсіпкерліктегі алғашқы қадамдарына табыс тіледі.
-Мемлекеттік қолдау – бұл тек қана қаржылық көмек емес. Бұл серпін беріп, мемлекеттің көрсеткен сенімі мен өз идеяларыңызды жұмыс істеп тұрған бизнеске айналдыру үшін тамаша мүмкіндік деу керек. Сіздердің бизнестеріңіз дәйім дамып, пайда әкеліп, табысты болсын, – деді Ерлан Құсайын.

Осы жолы грант алған 10 адам:
-Әсем Абдуллина -“Стационарлық шиномонтаж ашу”, Үштөбе аулы;
-Нұрлан Мұқашев -“Техникалық қызмет көрсету станциясы”, Үштөбе аулы;
-Диана Құлатаева -“Гүл павильонын ұйымдастыру”, Үштөбе аулы;
-Қылыш Әшірбеков -“Симменталь тұқымының ірі қара малын өсіру”, Доскей аулы;
-Болат Оспанов -“Шлак және газ блоктары өндірісі”, Ботақара кенті;
-Әйгерім Нарманбетова -“”Баймырза-нан” наубайханасын ашу”, Баймырза аулы;
-Бағила Соқырова -“Тұрмыстық техниканы жөндеу қызметі”, Ботақара кенті;
-Ернат Әділханов -“Клинингтік қызметтер”, Үштөбе аулы;
-Иван Булавкин -“Көкөніс өсіруді дамыту”, Тұзды а/о, Первое Мая селосы;
-Сағила Болатова -“Dastarkhan Expert-көшпелі мерекелік дастарқан қызметі”, Ботақара кенті;

Барлығы Бұқар жырау ауданы бойынша биыл осындай 18 грант беру жоспарлануда. Оның әрқайсының мөлшері 400 АЕК немесе 1 миллион 730 мың теңгені құрайды.
Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы



