Спорт

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына тағы екі күміс медаль

Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан әйелдер құрамасының өкілдері Ханчжоудағы Азия ойындарында екі күміс медаль жеңіп алды.

 

500 метр қашықтыққа каноэде жұптық есуден командалық сайыста Руфина Искакова мен Мария Бровковая қазақстандық дуэті қытайлықтардан ғана ұтылып, күміс жүлдеге ие болды. Тайланд елінің есушілері «қола» жүлде алды.

 

Дәл осындай қашықтықтағы қос байдарка жарысында Ольга Шмелева мен Ирина Подойникова да Қытайдан кейін екінші орын алса, Өзбекстан құрамасы қола жүлдегер атанды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button