Сайлау – 2021

Азаматтардың сайлау құқығын сақтау – басты мәселе

Қарағандыда онлайн режимінде азаматтардың сайлау құқықтарын сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді. Іс-шара алдағы ауыл әкімдерін тікелей сайлауға байланысты ұйымдастырылды. Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңестің бастамашылары облыстық сот пен өңірдің прокуратурасы болды. Бейне-конференц-байланыс арқылы қалалар мен аудандардың әкімдері, судьялар мен прокурорлар, құқық қорғау органдарының өкілдері, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

Сайлау туралы заңнама жетілдірілді. Азаматтар ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін өздері таңдауға мүмкіндік алды. Сот жүйесі бұл өзгерістерге уақтылы жауап берді. 1 шілдеден бастап Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс күшіне енді, ол соттарда жанжалдарды қараудың жаңа тәртібін қалады, – деп атап өтті облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мұрат Туғанбаев.

Онлайн-кездесуде «Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының негізгі ережелері, сондай-ақ сайлау құқықтарын қорғау туралы істерді қараудың ерекшеліктері түсіндірілді. Сайлау комиссияларының сайлауды өткізуге дайындығы туралы Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы Даулат Ешкеев баяндады. Қарағанды облысында ауыл әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауы 25 шілдеде өтеді. Олар 149 елді мекенде ұйымдастырылады. 75 ауыл әкімін сайлау қажет. 268 кандидат тіркелген, оның ішінде 81 – саяси партиялардан, 187 – өзін-өзі ұсынушылардан. Болашақ ауыл басшысына 81 мыңнан астам сайлаушы дауыс бере алады. Сайлауды өткізуге 164 сайлау комиссиясы – 15 аумақтық және 149 учаскелік комиссия жұмылдырылады.

Басқа материалдар

Back to top button