Азалы жылдардың ащы шындығы

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында жазушы, зұлмат жылдардың қайғы-қасіретін зерттеуші Кәмел Жүністегі мен аудандық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен мәдениет үйінде шара өткізілді.

Кәмел ағамыз өткен ғасырдың 89-90-шы жылдары пленкаға жазып алынған 1,5 сағаттық кинофильмді ұсынды. Тәуелсіздіктің елең-алаңында, сол зұлматтарды көрген адамдардың көзі тірісінде түсірілген бұл фильм ашаршылыққа ұшырап, тұтас қырылып қалған ауылдар жайында, жұтаған халықтан жоқ малды сұрап, қарсы келгендерін топтап атып, сай-сайға тығып көмгендері туралы ащы шындықты жайып салды.

Елді терең ойға батырған фильмнің соңында тоталитарлық жүйеге қарсы шыққан, 60-шы жылдардағы қазақ жастарының «ЕСЕП» партиясын құрушылардың бірі З.Игіліков туралы көрініс қойылды.

Е.ЖӘНІБЕКОВ,

Шет ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.