ЖаңалықтарҚарағанды

«Қазақтелекомның» қамқорлығы

   Жақында «Рахмет» қайырымдылық дүкеніне «Қазақтелеком» АҚ Қарағанды облыстық филиалы қолдау білдірді. Қашанда қайырлы іс жасауға әзір мекеме мұқтаж жандарға аталмыш дүкен арқылы қол ұшын созыпты. Бұл жөнінде Қарағанды облысы «Атамекен» Іскер әйелдер кеңесінің жетекшісі Самал МӘТЕНОВА мәлімдеді.

«Рахмет» қайырымдылық дүкені «Грандстор» сауда үйінің екінші қабатына 2016 жылы орналастырылды. Бұл жер адамдардың өзіне керек киім-кешек алуына өте қолайлы. Өзіне ұнаған затын алу үшін «Рахмет» деген сөзді айтса болғаны. Дүкен ашылғаннан бері қаншама адамдар өздеріне керексіз заттарын осында әкеліп өткізді. Бізге көп жағдайда қолдау білдіретін – «Қазақтелеком» АҚ Қарағанды облыстық филиалы. Көмек берген «Қазақтелеком» АҚ басшылығына және қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. «Рахмет» дүкенінің сөрелері күнделікті тұрмысқа қажет дүниелермен толығып қалды, – деді С.Мәтенова.

Естеріңізде болса, өткен жылы Қарағанды облысы Іскер әйелдер кеңесінің бастамасымен Қарағанды, Балқаш қалаларында және Осакаров ауданында «Рахмет» қайырымдылық дүкендер желісі ашылған.

Нұрдос КӘРІМ

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button