Қазақстанның қасиетті нышандары

   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына орай, орталық көшеге жағалай тігілген тулар көшеге сән беріп, ауыл ажарын аша түсті.

Аудан әкімі Марат Жандәулетовтің бастамасымен, аудан орталығындағы бас көше – Шортанбай жырау даңғылы бойындағы арнайы тұғырларға еліміздің Көк байрағы ілінді.

Ұлы Дала Еліндегі бұл істі жақсылыққа жорыдық. Енді, міне, асқақ айбынымыздың ажары болған Көк байрақ ауданымыздың орталық көшесі бойында желбіреуде.

Сондай-ақ, мерейлі жылдағы игі істер осымен шектеліп қалмақ емес. Жаз айларында көше жолына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бастамаға аудан тұрғындары дән риза.

Мейрам ДӘУЛЕТБЕКҰЛЫ.

ШЕТ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.