Жаңалықтар
Қар жауып, 7 градусқа дейін суытады
Синоптиктер 24-26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
![](http://ortalyq.kz/wp-content/uploads/2024/09/1666431101_news_b-1024x683.jpeg)
Алдағы күндері, атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың солтүстігі мен шығысында, 26 қыркүйекте елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жауын-шашын, қарға ауысатын жаңбыр болжанады, түнде ауа температурасының -2-7 радусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Қалған территорияда Солтүстік-Батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман күтіледі.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА