АймақШахтинск

«Қазақстан» шахтасындағы өртті сөндіру жұмыстары бір жылға созылуы мүмкін – Сырым Шәріпханов

17-тамыз күні «Қазақстан» шахтасында болған өрт әлі толық сөндірілген жоқ. Өртті толық өшіру жұмыстары бір жылға созылуы мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді.

Сурет: Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

– Шахталардағы өртті сөндіру – ерекше процесс. Ондағы өрт конвейер таспасының өртенуінен туындаған, от жалыны тау жыныстарының қабаттарына өтіп кеткен. Мұндай өрттерді сөндіру олардың тұйықталуы мен оттегіні шектеу арқылы жүргізіледі. Осыған байланысты арнайы гипс ерітіндісінен жасалған кедергілер орнатылып жатыр. Олардың қалыңдығы 1-3 метрге дейін жетеді, – деді Сырым Шәріпханов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айтуынша, бұл кедергілер жарылыстардан да қорғауы керек.

– Сондықтан шахтада осындай 25 бөгет салынды. Онда температура мен газдың деңгейін өлшеу үшін арнайы люктер жасалады. Қазіргі уақытта бұл жұмыс жалғасуда. Осылайша өртті сөндіру ұзақ уақытты алады. Ол бір айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін. Сондықтан қазір күту керек. Мысал келтірер болсам, жақында бөгеттердің бірі тексерілді, онда температура жоғары болып, түтін байқалған, сондықтан әлі де күту қажет, – деп атап өтті министр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button