Аяжан КҮЗЕНБАЕВА: «Мұражай – бағдарламаны жүзеге асырудың алғашқы сатысы»
Қазақстанның дамуы мен рухани нығаюында Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру үлкен маңызға ие. Бағдарламаның «Қазақстанның киелі жерлері» бағытындағы «мәдени-географиялық белдеу» туралы, оның ролі мен оған енетін орындар жөнінде әрбір қазақстандық білуі үшін оқуағарту дайындығын жүргізу қажеттігі туралы айтылған. Оқу-ағарту жұмысында өлкетану мұражайларының орны ерекше. Осы мақсатта №2 орта мектепте жұмыс істейтін «Шаңырақ» тарихи-өлкетану бағытындағы музейінің жетекшісі Аяжан КҮЗЕНБАЕВАМЕН әңгімелескенді жөн көрдік.
– Аяжан Қайроллақызы, музей қашан және қандай мақсатта құрылып еді?
– Бұл музей 2008 жылы мектеп директоры Алма Хамитованың бастамасымен қазақтың салтдәстүрін, әдетғұрпы мен тұрмыссалтын жас ұрпақ санасына сіңіру, тілін құрметтейтін жанашыр ұрпақ тәрбиелеу мақсатында құрылған еді. Музейдің «Шаңырақ» деп аталуының да терең мәні бар. Өйткені, халқымыздың танымтүсінігінде шаңырақ – қашан да қастерлі ұғым. Ол біз үшін үй, отбасы құндылықтарымен тығыз байланысты.
Сондайақ, бұл музейлер еліміздегі өзге этностар үшін де «тарихи естелік кітабы» болып, туристік-өлкетану жұмыстарына, оқутәрбие жұмысына оң әсерін тигізеді.
Өз өлкеңнің тарихын, ескерткіштерін біліп, сүйсініп жүрумен қатар, оларды қорғап, насихаттау қа жет. Өткеннен қалған зор тарихи мәдени құндылықтарымыз жас ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзіне айналуы тиіс.
– Музей ашылғалы бері қандай іс-шаралар атқарылды?
– Білім ошақтарындағы музейлер – түрлі заттар мен жәдігерлер жиынтығы ғана емес. Ол – тірі ағза, яғни, оқушылардың, ұстаздардың бүгінгіні түйсіне отырып, ертеңгі күнге ұмтылған күнделікті шығармашылық жұмысы. Оны өткен онжылдықтарға жылдам сапар шегуге мүмкіндік беретін «сиқырлы уақыт машинасы» сияқты көруге болады.
Құрылғанына 12 жыл болған мұражайымызда көптеген ісшаралар, кездесулер, сынып сағаттарын өткізіп, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, тарих сабақтарында оқушылармен саяхат жасаймыз. Сонымен қатар, Саран қаласының ұлттық мәдени орталықтары өкілдерімен, Қарағанды қаласының белгілі азаматтары мен мектеп оқушыларының кездесулерін ұйымдастырамыз. Оқушылардың ойөрісін дамыту, танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін қалыптастыру және баяндама, реферат, мақалалар жазып үйрету мақсатында көптеген жұмыс жасаймыз.
– Төл тарихымыз бен ұлттық идеологияны насихаттайтын мұражайда қанша және қандай экспонаттар сақтаулы? Олардың салмағы мен маңызына тоқталсаңыз?
– Біз өлке тарихын зерттеп, ардагерлермен кездесіп, іздестіру жұмыстарын жүргізіп, экскурсиялар мен экспедициялар ұйымдастырамыз. Музей экспозициясы осындай ұстаздар мен оқушылардың өлкетанулық ізденіс жұмыстары кезінде жасалады.
Еліміздің әр аймағында өзінің ұмытылмас тарихынан хабар беретін киелі жерлері бар. Әр өлкенің тарихы мен мәдениетін жетік білу, тұтас Қазақстанның тарихы мен мәдениетін тереңірек білуге жол ашады. Осы тұрғыдан Елбасы мақаласында «Өз Отаныңа – туған еліңе деген махаббат өзіңнің шағын отаныңа – ауылыңа деген махаббаттан басталады» деп ерекше аталуы бізге бағытбағдар береді. Қазір музей қорында ел тарихын, ұлттық идеологияны насихаттайтын көптеген тақырыптық экспозициялар бар.
Мұражай мектептің екінші қабатында орналастырылғандықтан, осы қабаттың қабырғаларында ұлттық ойындар мен киімдер, қазақ халқының салтдәстүрлері, қасиетті қара шаңырақ, байтақ даламыз, хандар мен билер, Алаш арыстары сынды тақырыптағы суреттермен безендірілген және аталған тақырыптарға байланысты мағлұматтар берілген. Сонымен қатар, мектеп ұстаздары мен оқушылардың атаулы күндер мен түрлі мерекелерге арнап жасаған түрлі туындылары да қойылған.
Музей экспонаттары арнайы жоспар бойынша мақсатты жинақталады. Музейде мектеп оқушыларының туристік өлкетану жұмыстарын сипаттайтын түпнұсқалық көрнекісуреттеме және графикалық материалдар, құжаттар, альбомдар мен бейнелі немесе жазба түрдегі дереккөздер де бар. Сондай-ақ, аймақтағы балалар туризмінің дамуына үлес қосқан тұлғаларға арналған экспозициялар мен стендтер ресімделген.
– Қазіргі сіз жетекшілік етіп отырған музей ісі қандай бағдарламаға негізделген. Келушілерді қызықтырардай қандай қосымша құралдар бар?
Мұражайдың негізгі жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына негізделген. Өйткені, ол тарихи жадымыздың жаңғыруына үлкен үлес қоса алатын жүйелі бағдарлама.
Сонымен қатар, қазақта «Отан – отбасынан басталады» деген аталы сөз бар. Сондықтан, «Туған жер» бағдарламасын да қолданамыз. Бұл бағдарлама аясында мектебімізде ісшаралар жоспары құрылып, жұмыс жүргізіледі.
Аталған бағыттар бойынша «Ұлы адамның артында ұлы тәрбие бар» және «Бүгін қасиетті жерге қол тигіземіз» тақырыбындағы екі динамикалық көрме экспозициясы бар. Мұнда еліміздің қасиетті жерлері мен соңына өшпес із қалдырған ұлы адамдардың өмірбаяны мен еңбектері туралы ақпараттар берілген.
Бұдан бөлек, кемеңгер Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу насыр әлФарабидің 1150 жылдығына арнап Абай мұражайының бейнесі мен әлФараби шы ғар маларына байланысты мұғалімдер жасаған макеттер қойылған.
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан Жәлел ШАЛҚАР.
САРАН қаласы.